Кітаптарды эстафета бойынша қаладан қалаға ауыстыру «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мега жобасы аясында жүзеге асырылуда. Халықтар арасындағы достық нышанының финалдық сапары Астанада аяқталады. Бұл туралы astana.kz сайтына Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық филиалынан мәлім етті.
«Бейбітшілік пен келісімның жол картасы» республикалық мега жобасы 2012 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен іске қосылған болатын. Акция Шығыс Қазақстан облысынан бастау алды. Өткен жылы ол еліміздің шығыс, солтүстік және орталық аймақтарын аралап, 2013 жылы батыс және оңтүстік облыстарға сапарын жалғастырды. Соңғы аялдама енді 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясы өтетін Астана қаласы болғалы тұр.
Республикамыздағы бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың бейнесіндей кітап осы атаулы датаға орай Қазақстан астанасында 23 сәуір күні тапсырылады. Эстафетаны Алматыдан Астанға қорытынды кезеңде келетін делегация беретін болады.
Жобаның талаптары бойынша әрбір аймақ қонақтарды қарсы алып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Ағаштар отырғызып, облыс орталықтарының көрікті жерлерін көрсетеді. Концерттер мен флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер, фестивальдер, конференциялар ұйымдастырады.
Астана қаласының ҚХА-дан astana.kz сайтына хабарлағандай, кітапты қарсы алатын Астанадағы делегация құрамына 40-қа тарта адам еніп отыр. Олардың қатарында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен қаланың басшылығы бар. Ережеге сәйкес, делегаттар «Достықтың жол картасы» кітабына өздерінің тілектері мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатын қолдайтын, атап айтқанда, ұлтаралық таулық пен саяси тұрақтылыққа байланысты лебіздер жазып қалдыруы қажет. «Бейбітшілік пен татулықтың жол картасы» жобасының қорытындысы туралы Елбасына Қазақстан халқының 20-шы сессиясында баяндалады.