Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”8 қараша күні Қостанай қаласында Әлішердің 40-ы өтеді. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы болған жоқ, бірақ осы жылдар олар өте жақын болды. Ол Әлішерге дәл Қамбар сияқты, өз ұлындай қарады. Жұмашпен ортақ қыздары Ажардың ағасы болды. Ол бүкіл елдің жүрегінде болсын.
Көпшілігі қалай қайтыс болды деп сұрап жатыр. Ақтөбе қаласында досының тойына кеткен, сол жерде оны көлік қағып кетті”, — деп жазды продюсер.