"Біз аталған жағдайлар бойынша тексеру жүргіздік, олар расталды. Дəріханаларға қатысты заңға сəйкес шаралар қабылданды. Шынымен де, рецептсіз дəрі сату деген үлкен проблема. Бүгін мен баяндамамда айтқандай, 2020 жылға қарсы елде толық тәртіп орнатып, барлық дəрі-дəрмекті рецептсіз сатуға тыйым салмақпыз. Өкінішке қарай, сондай практика кездеседі. Адамдар дəріханаларға келеді, белгілі бір дəріні сұрамай, өз шағымдарын жеткізеді. Ал медициналық қызметкер емес, провизор саналатын дəріхана қызметкерлері дəрі тағайындайды. Олар күшті əсері бар препараттарды да сатады. Бұл заңның өрескел бұзылуы", — деді Біртанов Үкімет кулуарында берген сұхбатында.
Дегенмен, министр дəріханалардың шағын жəне орта бизнес екенін ұмытпау керектігін айтты. Сондықтан, қолданыстағы заң аясында тексерулер тек халықтың ресми шағымдарының негізінде ғана жүргізіледі.
"2019 жылғы 1 қаңтардан бастап дəрі-дəрмектердің шекті бағасы белгіленді. Жалпы, дəріхана қызметтерін бақылау механизмі күшейтіледі. Оның ішінде препараттарды рецептсіз сатуға тыйым салу мәселесі де бар. Рецепт бойынша босатылу тиіс дəрілердің барлығы рецептке сай сатылуы тиіс. Бұл үшін бізде ақпараттық жүйе əзірленіп жатыр", — деді Елжан Біртанов.