ДСМ Қытай мен Америкаға баратын қазақстандықтарды абай болуға шақырды
Бүгінде Қытай мен Америкада тұмау дертінің өршіп кетуіне байланысты ол жаққа баратын қазақстандықтар аса сақ болуы тиіс. |
Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай айтты.
Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-та жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға шалдыққандардың саны 4-10 есеге өсіп, Бостон мен Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланған. Ұлыбританияда да тұмау өршіп келеді. Сондай-ақ көрші Ресейдің кейбір аймақтарында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың қаупі жоғары болып тұр. «Сондықтан біз осы елдерге барып жүрген қазақстандық туристер мен бизнесмендерге аса сақ болуға кеңес береміз», - дейді Ж.Бекшин.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін