ДСМ: су басқан өңірлердегі эпиджағдай ерекше бақылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДСМ: су басқан өңірлердегі эпиджағдай ерекше бақылауда

ДСМ: су басқан өңірлердегі эпиджағдай ерекше бақылауда

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезінде эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды

  • 8 Сәуiр
  • 44
Фото: ДСМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ел аумағында су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ, — деп жазылған хабарламада.

Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді.

Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.