Жарияланды: 350

ДСҰ Тәжікстанды мүшелікке қабылдауға дайын

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Тәжікстанның осы ұйымға кіру туралы өтінішіне оң қарайтынын мәлім етті.

ДСҰ-ның хабарлауына қарағанда, ұйымға мүше барлық мемлекеттер тәжік жұмысшы тобы қарауға ұсынған құжаттарды мақұлдайды деген болжам бар, деп хабарлайды «Азаттық». Тәжікстанның ДСҰ құрамына қабылдау туралы нақты шешім 11-12 желтоқсанда өтетін ұйымның басты кеңесінде қабылдануы тиіс. Тәжікстан ұйымға кіруге 2001 жылдан бері талпынып келеді. Егер Душанбе барлық талапты орындап, өтініші қабылданар болса, онда 2013 жылдан бастап ұйымның толыққанды мүшесі атанады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін