ДСҰ-ға қатысты ауыл шаруашылығының субсидиясы бойынша келіссөз әлі аяқталған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДСҰ-ға қатысты ауыл шаруашылығының субсидиясы бойынша келіссөз әлі аяқталған жоқ

ДСҰ-ға қатысты ауыл шаруашылығының субсидиясы бойынша келіссөз әлі аяқталған жоқ

Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне қатысты ауыл шаруашылығының субсидиясы бойынша келіссөздер әлі аяқталған жоқ.

  • 8 Қараша 2012
  • 315
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Сенатында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар сауалына жауап берген Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі күні біз ДСҰ мүше-мемлекеттерімен, 30-ға тарта мемлекетпен Қазақстанның нарығына тауарлардың қолжетімділігіне байланысты барлық екіжақты келіссөздерд аяқтадық. Яғни, Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен соң қолдана алатын кедендік баждың ең жоғары деңгейіне қатысты келіссөздер аяқталды. Бұндағы сандар мынадай: барлық тауар позицияларының орташа арифметикалық деңгейі 1-5 жыл арасындағы өтпелі кезеңде 7-9 пайызды құрайтын болады. Ал өнеркәсіптік тауарларға келсек, олардың соңғы түйіндеу деңгейі, яғни бесжылдық өтпелі кезең арқылы ең жоғары деңгей — 6,5 пайыз болады. Ауыл шаруашылығы бойынша 13,2 пайызға келістік», — дейді Ж. Айтжанова.

Сонымен қатар, министр ДСҰ-ға енген соң елімізде Еуропа тауарлары басып қалады және импорттық кедендік бажға сәйкес, олардың қазақстандық тауарларға қатысты бағасы бәсекеге қабілетті болады деген пікірді жоққа шығарды.

«Ауыл шаруашылығы субсидиларын айқындауға қатысты біз әлі де келіссөздерімізді аяқтаған жоқпыз. ДСҰ аясындағы келіссөздер үдерісінде екі күрделі мәселе қалып отыр. Бұлардың бірі ауыл шаруашылығын субсидиялауға қатысты болып табылады. Ал мерзімге келсек, келесі жылдың бірінші жартысында барлық келіссөздер аяқталады деп күтеміз. Ең бастысы, келіссөздің аяқталу мерзімі бірқатар салалар бойынша қандай шарттармен уағдаластыққа келетінімізде болып отыр», — дейді министр

Соңғы жаңалықтар