Д.Тұрғанов: Өзбекстан өзінің қуат жүйесінің жұмысын теңгеруі тиіс
Өзбекстан жылу маусымының басталуы алдында өздерінің қуат жүйесінің жұмысын теңгеріп алулары тиіс, деп ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті. |
«Өткен жылу маусымында өзбектер жағында қуат жүйесінің реттелмегін себепті қуат реттегіш автоматиканың шұғыл іске қосылуы күрт артты. Мысалы ретінде біз 5-ші қаңтарда өзбектердің энергожүйесі теңгермелі жұмыс істемегені себепті, және Қазақстан қуат жүйесінен мөлшерден тыс 300 МВт қуат алғандығы себепті толығымен құлап қалғанымызды айта аламын. Осының салдарынан «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті үзіліп қалды», - деді ол жұма күні ТМД-ның электрқуаты кеңесінің 39-шы отырысында.
«Осыған байланысты біздің серіктестеріміз қысқы жылу маусымы басталмай тұрып, диспечерлік тәртіпті қалпына келтіру, ағымдардың сальдосын сақтау, және әрине, өз жүйесінің жұмысын теңгергені дұрыс болар еді деген ұсыныс білдіреміз», - деді Д. Тұрғанов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін