Д.Тұрғанов: Өзбекстан өзінің қуат жүйесінің жұмысын теңгеруі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Тұрғанов: Өзбекстан өзінің қуат жүйесінің жұмысын теңгеруі тиіс

Д.Тұрғанов: Өзбекстан өзінің қуат жүйесінің жұмысын теңгеруі тиіс

Өзбекстан жылу маусымының басталуы алдында өздерінің қуат жүйесінің жұмысын теңгеріп алулары тиіс, деп ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылу маусымында өзбектер жағында қуат жүйесінің реттелмегін себепті қуат реттегіш автоматиканың шұғыл іске қосылуы күрт артты. Мысалы ретінде біз 5-ші қаңтарда өзбектердің энергожүйесі теңгермелі жұмыс істемегені себепті, және Қазақстан қуат жүйесінен мөлшерден тыс 300 МВт қуат алғандығы себепті толығымен құлап қалғанымызды айта аламын. Осының салдарынан «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті үзіліп қалды», — деді ол жұма күні ТМД-ның электрқуаты кеңесінің 39-шы отырысында.

«Осыған байланысты біздің серіктестеріміз қысқы жылу маусымы басталмай тұрып, диспечерлік тәртіпті қалпына келтіру, ағымдардың сальдосын сақтау, және әрине, өз жүйесінің жұмысын теңгергені дұрыс болар еді деген ұсыныс білдіреміз», — деді Д. Тұрғанов.

Соңғы жаңалықтар