Дубай орталығында көп қабатты зәулім үй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубай орталығында көп қабатты зәулім үй өртенді

Дубай орталығында көп қабатты зәулім үй өртенді

Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы Дубайда көк тіреген көпқабатты тұрғын үйде өрт болды.

  • 18 Қараша 2012
  • 410
Фото - Caravan.kz

Оқиға жаңадан салынып жатқан Джумейра Лэйкс Тауэрс ауданында болды. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екі шамасында ауданның зәулім үйлерінің бірі — Тамвил Тауэр өртенді. Адамдарды қауіпсіз жерге шұғыл түрде көшірудің арқасында зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлады РБК.

Тамвил Тауэрдің тұрғындарынан бөлек, аспан тіреген екі көрші тұрғын үйдің де адамдары қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Emirates 24/7 хабарлауынша, қазіргі уақытта тілсіз жауды бақылауға алу мүмкін болды, дегенмен, ол толығымен ауыздықталған жоқ.

Джумейра Лейкс Тауэрс — әмірліктің ауқымды құрылыс жобасы. Ол жасанды көлдің жағалауында орналасқан 80 зәулім ғимараттан тұрады. Құрылыс алаңына жақын маңда Пальм Джумейра жасанды аралы бар.