Дегенмен көпшілікті өнер иелерінің мерекені қалай және қайда қарсы алатыны қызықтырады. Ал отандық жұлдыздарының жаңа-жылды алдын ала, тіпті бір ай бұрын жоспарлап қоятыны жасырын емес. Кейбір шоу бизнес өкілдері мейрамды шетелде қарсы алуды жөн көрсе, кейбірі Қазақстанның басқа қаласында, енді бірі ең жайлы, ең тыныш, ең керемет, ең ыстық жер – өз үінде өз отбасында қарсы алады.
Caravan.kz медиа-порталы бірқатар өнер адамдарының жаңа жылды қалай және қайда қарсы алатының анықтап көрді.
Сонымен, «Меломен» тобының экс мүшесі Жігер Ауыпбаев биылғы 2020 жылды Атырау халқымен қарсы алады.
Ал, инстаны #cover айтып өз дауысымен көпшілікті тәнті еткен әнші қыздарыңыз Әйгерім Мамырова және Бауыржан Ретбаев тышқан жылын Ақтаулық тұрғындармен қарсы алады.
2018 жылдың хит жұбы КТА ойындарының әзілкеші Мереке Қалбаева қайын жұрты яғни жолдасы Әрсен Акиевтің Аралдағы үйінде отбасымен қарсы алады.
Былтырғы Жаңа жылын Дубайда қарсы алған Индира Елемес биылда шет елде қарсы алатынын айтқан болатын. Бірақ қай ел екендігі әзірше белгісіз.Елімізге белгілі продюсер Баян Мақсатқызы өз отбасымен қазіргі таңда Дубайда демалып жүр. Жаңа жылды да сол елде тойлауды жөн деп тапса керек.
Ал Мөлдір Әуелбекова, Айкерім Қалаубаева, Зарина Омарова, жаңа жылды отбасымен қарсы алатындар қатарында. Гүлнұр Оразымбетова Алматы қаласында өз отбасымен қарсы алса, Нұрболат Абдуллин ата-анасының қасында яғни Ақтөбе қаласында болады.