Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар - зерттеу

Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар - зерттеу

1,5 мың қазақстандықтың Дубайда құны миллиард доллардан астам болатын жылжымайтын мүлкі бар. Мұндай мәліметті EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) сарапшылары мамырдағы есебінде келтірген.

  • 2 Маусым 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған есепте сарапшылар Дубайдағы 800 000 жылжымайтын мүлік иелері туралы деректерді талдаған.

"Дубайдағы оффшорлық жылжымайтын мүлік үлесі өте үлкен: кем дегенде 146 миллиард долларды шетелдіктер жылжымайтын мүлік нарығына жалған компаниялар арқылы инвестициялады, бұл Лондондағыдан екі есе көп. Географиялық орны мен байланыстары бұл қаладағы шетелдік инвестицияны анықтайтын негізгі фактор саналады", — делінген құжатта.

Зерттеу деректеріне сәйкес, Дубайдағы 1 550 қазақстандық құны 1,018 миллиард доллар болатын 2 694
 мүлкке иелік етеді. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Салыстыру үшін, БАӘ-нің ең ірі қаласында 5 381 ресейлік жалпы сомасы 3,344 миллиард болатын 9 755 жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

Қырғызстан азаматтары арасында Дубайда жылжымайтын мүлкі бар 106 адам бар, олардың жалпы құны — 102 миллион доллар, 236 нысан.

Анықтама: 2020 жылы Еуропалық комиссия EU Tax Observatory деп аталатын жаңа еуропалық қоғамдық ұйымды құруға 1,2 миллион еуро бөлген. ЕО салық обсерваториясының мақсаты — әлемдегі салықтан жалтару және ақшаны жылыстату мәселелеріне назар аудару.

Соңғы жаңалықтар