Дубайда Құран бағы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда Құран бағы ашылады

Дубайда Құран бағы ашылады

Жақында Дубайдың Аl Khawaneej ауданында қасиетті Құран бағы ашылады. 60 гектар аумақты алатын бақ қасиетті Құран кәрім арқылы мұсылмандарға жеткен ғажайып сырлармен бөліседі, деп хабарлайды «Нұр Астана» порталы. 

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz


Қасиетті бақтың ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, мұнда Құранда аталған 54 өсімдік түрі өсірілетін ғажайып Ислам бағы болады. Қонақтар бақтан ғаламшардан жойылып кеткен үш түрлі өсімдікті ғана көре алмайды.

Сондай-ақ бақ меймандары бұл өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы мәліметтерге қаныға алады. Сонымен қатар келушілер Құран аяттарын тыңдап, Құран тарихы туралы бейнематериалдарды тамашалай алады.

Дубайдағы ғажайып саябақ құрылысына 7,3 млн доллар жұмсалған. Бұған қоса, мұнда балалардың ойын алаңы, ашық аспан астындағы театр, жүгіруге және велосипед тебуге арналған алаңқайлар болады.

Соңғы жаңалықтар