Дубайдың полициясы сөлекет киінген жас жігітті тұтқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайдың полициясы сөлекет киінген жас жігітті тұтқындады

Дубайдың полициясы сөлекет киінген жас жігітті тұтқындады

Дубай әмірлігінің полициясы «Дубай молл» ірі сауда орталығында сөлекет киінген жас жігітті ұстады, деп хабарлады біздің агенттіктің тілшісі әмірлік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

  • 30 Қазан 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Ұсталған ұлты белгісіз ер адам «Құрбан айт» мерекесіне байланысты Дубайдың сауда орталықтары тәулік бойына жұмыс істейтінін «кәдеге» жаратып қалмақ болған. Тек спорттық шолақ шалбар киген жас жігіт дүкенде сағат таңғы төртте ұсталды, Әмірлікте өзінің бұл «өрескел» әрекетін «жаңашылдықпен» адамдарды таңғалдырып, көңіл көтергісі келуімен түсіндірді.

«Қалжыңқой» жас жігіттің жанында 20 жастардағы 4 жігіт болған. Алайда оның жолдастары басқа қарапайым адамдар сияқты киінген. Дубай полициясының полковнигі Ахмет Аль Мери атап өткендей, жас жігіт ішімдік ішпеген.

«Әзілқой» жігіт қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тұтқындалып, «Бур Дубай» ауданының прокуратурасына тапсырылған. Айта кетейік, оның суреті «Блэкберри» тұтынушыларының арасында әп-сәтте таралып кеткен, оның бұл әрекеті арабтардың ашу-ызасын тудырды.

Соңғы жаңалықтар