Дудар-айым, дудым! - Жастар метрода халық әнін шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дудар-айым, дудым! - Жастар метрода халық әнін шырқады

Дудар-айым, дудым! - Жастар метрода халық әнін шырқады

Алматылық жастардың бастамасы көпшілікке қуаныш сыйлады

  • 30 Қазан 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде тараған бейнежазбадан бір топ жастың оңтүстік мегаполистегі метроға мініп, халық әні “Дударайды” қосыла шырқағанын көруге болады. 

Жастарға тәнті болған жолаушылар қол шапалақтап, ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұңғыш қазақ тіліндегі Mynbala TikTok House ашылғанын мәлімдеген едік. Жобаның қатысушыларын іріктеу үшін Mynbala командасы еліміздің барлық өңірін аралап, ауылдар мен қалаларда кастинг ұйымдастырған. Мыңнан астам өтініш ішінен түрлі өнерге қызығып, шығармашылықпен айналысып жүрген 20 бала таңдалып алынды. Олар қазіргі таңда Алматы қаласында өнерлерін шыңдап, қазақша контент әзірлеумен айналысып жатыр.