Ол күні кеше жайсыз хабармен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Пневмония болып қалыппыз! 2 балада да ондай ауыру болмаған еді , бір жаман екенғой дем жетпей ауырған деген !
Бірінші рет Мемлекеттік больницада жатырмыз , Шынымды айтайын Қазақстанда кейде мемлекеттік палаталар жаман дейтін жандар Малайзияның палатасын көрмепсіздер , қазір сториске саламын көріп салыстырып көріңіз (оны неге айтып отырмын кейде біз қолымыздағыны ғана көріп шүкір етпейміз) , еще бағасын естуге қорқып отырмыз ана жолы 2 күнге 800 мың шығарып берген ! Осы жолы баламен қандай сумма айтады соңында білеміз! Бастысы Емделіп шықса екен, бар дұғам сол! Балаға келгенде баға маңызды болмай қалады екен…
Сіздерде Мағжанқызы Аишаға дұға етіп қойыңыздаршы, бір намазыңыздың дұғасына қоссаңыз нұр үстіне нұр ! Көптің дұғасы қабылғой.
Мамочкалар бөлісе кетіңіздер БОЛЬНИЦАДАН ШЫҚҚАНСОН ҚАЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРДЫҢЫЗДАР ЕМДІ», — деп жазды ол.