"Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба?": Қоғам қайраткері ұтылуын "Алланың қалауына" жаба салатын спортшыларды сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба?": Қоғам қайраткері ұтылуын "Алланың қалауына" жаба салатын спортшыларды сынап тастады

"Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба?": Қоғам қайраткері ұтылуын "Алланың қалауына" жаба салатын спортшыларды сынап тастады

Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан спорттағы жеңілісін "Алланың қалауы" деп айтатын қазақ спортшыларын сынға алды.

  • 5 Тамыз
  • 256
Фото - Caravan.kz

Ол бүгінгі спортшыларда жеңілісті «Алланың қалауына» жаба салатын үрдіс пайда болғанын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Неге қазақ боксшылары (біздің спортшылардың барлығы) жеңілсе, “Бәрі Алланың қолында” дей береді?

Ана жолы (2018 жылы) көкпардан біздің құрама қырғыздардан ұтылып қалған кезінде (біздің көкпаршылар) “Дұғада болайық” деп ақталды. Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба? Дұға қылатын жер сол ғой.

Рингте жеңіліп қалса, “Бәрі Алланың қолында” дейді. Көздерінде от жоқ. Меніңше, бұл бар жауапкершілікті Аллаға ілу. Сен жеңілсең, сенің жеңілісің емес, Алла Тағаланың қалауы екен (ғой)», — деп жазды қоғам қайраткері.