Дұғамыздың барлығы араб елдеріне кетіп жатыр - мәдениеттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дұғамыздың барлығы араб елдеріне кетіп жатыр - мәдениеттанушы

Дұғамыздың барлығы араб елдеріне кетіп жатыр - мәдениеттанушы

Мәдениеттанушы Серік Ерғали сөздің, дұғаның құдіреті туралы айтты.

  • 2 Ақпан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Qasqa Jol” YouTube арнасына берген сұхбатында қазақтың жасаған дұғасы “араб елдеріне кетіп жатқанын” мәлімдеді.

”Эгрегор деген бар. Ол — бұлт сияқты әр ұлттың нәзік әлемде қалыптасқан энергетикалық ақпараты. Біздің дұғамыздың барлығы исламның орталығы, араб әлеміне кетіп жатыр. Эгрегорды нәзік әлемді танушылардың барлығы біледі. Қазақ “дұғада болайық” дейді ғой. Сенің дұғаң ана жаққа кетіп жатыр. Қу дала, құм басқан жердің барлығы қазір гүлдеп, байып жатыр. Астынан мұнай шығарды. Ол — ақпарат. Оның барлығын Алла тағала жасап жатқан жоқ. Өйткені, сенің тілегің бар, ана жаққа қарап дұғаңды оқисың. Ақпаратың, тілегің инфоэнергетика ретінде саған емес, соларға тиіп жатыр. Біздің ата-бабамыздан қалған қаншама байлық бар, сол неге бізге бұйырмайды? Біз эгрегордан айырылып қалып отырмыз. Ол далаға бөлшектеніп жатыр. Біреу вахаббист, біреуі сәләфи, біреуі тәңіршіл, біреуі дінсіз болып жатыр. Бізге оның бәрі керек емес, жәй ғана қазақ болайықшы. Қазақ бола жүріп, өзіңнің бағытыңды ұстай бер”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол жақсы сөз айтудың маңызын да түсіндірді.

”Сөздің барлығы эфирге кетіп жатыр. Сондықтан қазақ “сөзіңе ие бол”, “абайлап сөйле” деген. Біздің ата-бабамыз сезімтал болған және екі дүниемен бірге үйлесімде өмір сүрген. Ырым-тыйымның барлығы содан шыққан. Неге келін сәлем етеді? Ата-енесіне қызмет ету емес. Ол — соның артында тұрған жеті атаға дейінгі жандарға, рухтарға, жаратушыға “мен келісемін, тағдырыма ризамын” деп ризашылық білдіру”, — дейді ол.