“Дұғаларыңызға мұқтажбын”. Екі жыл бұрын ғана ұлы қайтыс болған Ердос Қанаев елді тағы алаңдатып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дұғаларыңызға мұқтажбын”. Екі жыл бұрын ғана ұлы қайтыс болған Ердос Қанаев елді тағы алаңдатып қойды

“Дұғаларыңызға мұқтажбын”. Екі жыл бұрын ғана ұлы қайтыс болған Ердос Қанаев елді тағы алаңдатып қойды

Әнші Ердос Қанаев инстаграм әлеуметтік желісінде оқырмандарына арнап тағы бір жазба жариялап алаңдатып қойды.

  • 8 Маусым 2022
  • 577
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Ердос Қанаев жеке әлеуметтік парақшасына: "Дұғаларыңызға мұқтажбын",- деп сурет жүктеп, пост жазды. 

Мұны оқыған Ердостың оқырмандары екіұдай ойда қалды. 

"Не болды, Ереке? Аманшылық па?", "Басқа балаларыңыз аман ба?", "Сіз үшін әрқашан дұғадамыз","Аман болыңыз", "Жақсы адамсыз", "Ереке әрқашан бақытты болып жүруге лайық жансыз", "Сізді дұғама қосып жүремін ғой" ,"Қандай сынақ болса да мойымаңыз","Сіз мықтысыз",- деген пікірлер жазылды.

Еске салсақ, Ердос Қанаевтың осыдан екі жыл бұрын 9 жастағы ұлы қайтыс болған еді. Айта кетейік, әнші «Астана» арнасының «Той жыры» бағдарламасында ұлының ауыр диагнозбен туылғанын жеткізген еді.