Дүйсенбай Тұрғанов «Самұрық-Энергодан» жаңа қызмет алды

«2011 жылдың 8 маусымында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ұпышевтің бұйрығымен Дүйсенбай Тұрғанов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Есберген Әбітаев өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

52 жастағы Д. Тұрғанов бұған дейін ҚР энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «KEGOC» АҚ вице-президенті, «Каспийстройсервис» ЖШС президенті, Атырау әкімі болған.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылдың мамырында құрылған, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрылымына кіреді. Компанияның қызмет аясына электр және жылу қуатын өндіру, тарату, сату, энергетикалық көмір өндіру кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының жиынтық қуат өндіру қабілеті 5379 МВт, Қазақстан нарығында электр қуатын өндіру үлесі 15,4% құрайды.