Сағат 10:00-де биатлонистер жарысындағы жалпы сайыс басталады. Ол жексенбі күні өтуі тиіс болатын, алайда тұманға байланысты ауыстырылды.
Сағат 14:00-де борд-кростан сноубордистер ерлер арасында жарыс өтеді. Сағат 19:00-де әйелдер арасында биатлоннан масс-старт өтеді.
Сағат 20:00-де қосарлы бобслеистердің жарысы басталады. Осы кезеңде олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлердің есімі белгілі болмақ.
Сағат 21:30-да олимпиадалық бағдарламада ерлер арасында фристайлшы-акробаттардың ақтық жарысы өтеді.
Сағат 22:15-те трамплиннен шаңғымен секіруден командалық жарыс өтеді.
Сағат 22:20-да мәнерлеп сырғанаудан би жұптарының жарысы өтеді. Бұл еркін бағдарлама болады.