Дүйсенова 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүйсенова 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін айтты

Дүйсенова 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін айтты

2018 жылдан қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8%, ал базалық зейнетақы 6%-ға өседі

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келер жылы орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өседі. Осылайша орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайды. Бұған қоса, мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жасы бойынша әлеуметтік төлемдер 16 пайызға көбейеді, ал қалған әлеуметтік төлемдер инфляция деңгейіне сәйкес 6 пайызға өседі. Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемімен бірдей болады. Яғни ол да 16 пайызға өсіп, 28 259 теңгені құрайды", — деді министр.

Осы тұста Дүйсенова базалық зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептелетінін атап өтті.


"Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептеледі. Бұл өзгеріс 2 миллион зейнеткерге қатысты. Кімде 10 жыл еңбек өтілі болса, оларда зейнетақы мөлшері 54 пайызға тең болады. Ал еңбек өтілі 33 жылдан асатындарда базалық зейнетақы екі есеге көп болады", — деді министр.
 

Соңғы жаңалықтар