Театрда кішкентай образ деген ұғым жоқ. Сондықтан театрда қазір жаңа тұлғалардың көп қалыптаспай жатуына бүгінгі заман талабына сай келетін қойылымдардың аз болуы өз ықпалын тигізіп жатыр деген түсінік негізсіз.
«Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Ақан сері Ақтоқты» және тағы басқалар халықтың санасында қалыптасқан ірі тұлғалар, образдар. Оны жұрттың бәрі көруге ынтығады. Сол бейнені жасауға талпынады. Режиссер де, актер да сол арқылы өзін көрсеткісі келеді. Ол керек. Қарагөзді, Жібекті, Баянды, Қозы Көрпешті, Қодарды ойнамай көп актерлер жетілдім деп айта алмайды. Ол — үлкен бір мектеп. Актерлер мен режиссерлер драматургияның ішкі өсуіне әрдайым мүдделі болуы керек», дейді Дулат Исабеков.
Драматургтың айтуынша, ондағы образды әр актер өзіне лайықтап срмдайды. Егер де жұртың бәрі «Абайды» Қалибек Қуанышбаев сияқты, «Жапалды» Серке Қожамқұлов сияқты ойнайтын болса, театр өзгермейді. Сондықтан да әлемдік классиканың өзін әр театр өзінше қояды. Режиссерлер барлық уақытта Шекспирді де, Чеховты да өз заманына лайықтап қояды. Өйткені классика әр заманның талабына жауап бере алатын болған соң классика деп аталады. Одан әркім өзіне керегін алады. Кейде оны түрпідей қабылдайтындар бар, өзгертіп жіберіпті деп. Өкінішке орай бірқатар режиссерлер мен актерлердің қойып жатқан спектакльдері мен ойнап жатқан образдарына ерекше жауапкершілікпен қарауы әлі де жетпей жатады.