Дүлей дауыл Астана жұртын шығынға батырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүлей дауыл Астана жұртын шығынға батырды

Дүлей дауыл Астана жұртын шығынға батырды

Дүлей дауыл Астана жұртын да  мол шығынға батырды. Екпіні секундына 20 метрден асқан  күшті желден тұрғын үйлердің сылағы опырылып аула ішіндегі көліктерді басып қалған.

  • 6 Қазан 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Қайта құдай сақтап сылақ құларда адамдар алыста болыпты. Дауыл мемлекеттік бағдарламамен салынған мына үйдің сыртындағы плиткаларды жұлып  да төменге ұшырып жіберген. Жоғарыдан құлаған құрылыс материалдарының бірі  қымбат шетелдік  көліктің капотына келіп қадалыпты.

Тұрғындар осы үйдің сапасыз салынғандығын айтып құзырлы орындарға талай мәрте шағымданған екен. Бірақ еш нәтиже болмапты. Енді соның зардабын тартқан жұрт қазір шығындарын кімнен өндірерін  білмей  сенделіп жүр.

Данияр Сәлімбаев, Астана қаласының тұрғыны:

-Отбасымызбен серуендеуге шығайын деп жатқанбыз. Көлігіме плитка сол кезде құлады. Қайта басымызға түскен жоқ. Қазір барлығымыз қорқып қалдық. Сыртқа шықсақ бірдеңе құлай ма деп жоғарыдан көз алмаймыз.

Соңғы жаңалықтар