Дүлей дауыл Жамбыл облысында тағы қайталануы мүмкін
|
Дүлей дауыл Жамбыл облысында тағы қайталануы мүмкін. «Қазгидромет» орталығы бүгін түнде өңірде қатты жел соғады деп болжауда.
Екпінді желдің күші секунтына 30 метрге дейін жетуі ықтимал. Кейбір аудандарда қар жауып, қалың тұман түседі деп күтілуде. Сондықтан мамандар өңір тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертеді. Қазір апат аймағында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Демалыстағы құтқарушылар да жұмысқа шақыртылыпты. Дегенмен олардың басым бөлігі, апаттан жапа шеккен Жаңатас пен Қаратау қаласында қалыпқа келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.
Асқар Жалдинов, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Тұрғындарға уайымдауға еш негіз жоқ, себебі барлық мүмкіншілік істеліп жатыр. Ешкім көмексіз қалмайды. Барлық келтірілген шығын есептеледі, барлық адамдарға көмек жеткізіледі. Өйткені бәрін түсініп отырмыз, жұмыс істеліп жатыр. ТЖ жұмысын әрі қарай жалғастырып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін