«Думан» ойын-сауық орталығында 3 күндік фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
«Думан» ойын-сауық орталығында 3 күндік фестиваль өтеді

«Думан» ойын-сауық орталығында 3 күндік фестиваль өтеді

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Думан» ойын-сауық орталығы 1-3-шілде аралығында үш күн бойы мәдени-ойын-сауықтық, танымдық фестиваль өткізеді.

  • 30 Маусым 2011
  • 857
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Думан» орталығының басқарма төрағасы Еркебұлан Ағымбаевтың айтуынша, бұл шара «Думан» орталығының құрылған күніне тұспа тұс келіп отыр. Өзінің 8 жылдық мерекесі құрметіне орай, 1-шілде — мерекенің ашылуы күні орталықта «Достық, бірлік, думан» атты ұлттық мәдени байқау болады. Бұған елорданың түрлі мәдени орталықтарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Бұл байқау өскелең ұрпаққа өзінің халқы мен мәдениетін көрсету, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын біліп, тану, бір-бірімен етене араласу мүмкіндіктерін бермек», — дейді фестивальді ұйымдастырушы топтың жетекшісі Сажида Сейітқызы.

2 шілде күні іс-шараның жалғасы — спорттық-ойын-сауық сипаттағы «Қызықтар қаласы» атты іс-шара өтеді. Бұл күні шахмат, дартс, бильярд ойындары бойынша турнирлер ұйымдастырылмақ.

Екінші күні тағы бір негізгі іс-шара — «Ата, әже және мен» атты ойын-сауықтық бағдарламаны өткізу жоспарлануда. Ол аға ұрпақ өкілдері мен олардың немерелері үшін арнайы дайындалған. Ал 3 шілде күні «Фестивальдің жабылуы» болады. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама, фестивальдің алғашқы екі күнінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты ұсынылады деп көзделуде.

Соңғы жаңалықтар