Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі төрағасы Қазақстанның көршілес елдермен достық байланысына жоғары баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі төрағасы Қазақстанның көршілес елдермен достық байланысына жоғары баға берді

Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі төрағасы Қазақстанның көршілес елдермен достық байланысына жоғары баға берді

Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі (ДЕК ) Қазақстанның және Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көршілес елдермен орнатқан тығыз достық байланысына жоғары баға береді . Бұл туралы бүгін, 17-маусымда Дүниежүзі Еврейлері Конгрессінің төрағасы Исраэль Зингер Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін атап көрсетті.

  • 17 Маусым 2003
  • 815
Фото - Caravan.kz

И.Зингер әсіресе Н.Назарбаевтың діндер мен діни конфессиялар арасында жылы арабайланыс орнатуға деген талпынысын жоғары бағалады. «Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі президенттің бұл бастамаларын толық қолдайды»,- деді И.Зингер.

Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі төрағасы сондай-ақ, Н.Назарбаевпен екі арадағы әңгіме барысында 2003-жылдың күзінде Астанада өткізуге межеленген діни Конгресске дайындық жұмыстары туралы талқыланғанын хабарлады.
«Барлық елдер мен діндер үшін айрықша маңызды бұл жобаны ДЕК қолдайды» ,-деді ол.
И.Зингер аталмыш жобаның егжей-тегжейі туралы Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі президент әкімшілігімен бірлесе отырып дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін бірнеше аптада хабарлауға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар