Дүниежүзілік банк қазақстандық жастарды жұмыспен қамтуға 5 млрд теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік банк қазақстандық жастарды жұмыспен қамтуға 5 млрд теңге бөлді

Дүниежүзілік банк қазақстандық жастарды жұмыспен қамтуға 5 млрд теңге бөлді

Дүниежүзілік банк Қазақстанда жастардың қатысуымен іске асырылатын әлеуметтік жобаларға 5 млрд теңге бөлді.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 1089
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, 5 млрд теңгелік грант жұмыссыз жастардың қатысуымен іске асырылатын жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Министр Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, бөлінген қаржы түрлі салада маңызды жобалар ұсынып, іске асыра алатын жастар ұйымдарына беріледі. Нәтижесінде жобаға 8,5 млн жуық жас азаматтарды тарту көзделіп отыр.
«Жоспар бойынша, қаржыны 100-ге жуық жастар ұйымы алады. Олар мәдениет, спорт, мұқтаж жандарға көмектесу, экологияны қорғау салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, ашық конкурс өтеді. Дәл қазіргі таңда қаржылай қолдауды қажет етіп отырған жастар жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни, жастарды жұмыспен қамту мәселесі шешіледі», — деді министр.
Грант келесі жылдан бастап, 4 жыл ішінде іске асырылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар