Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Қызылорда облысында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Қызылорда облысында болды

Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Қызылорда облысында болды

Бүгін Дүниежүзілік банктің Басқарушы директоры Нгози Оконджо-Ивеала ханым Қызылорда облысына ресми сапармен келді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

Мәртебелі мейман Сыр өңіріне бұл бірінші сапарын «Оңтүстік-Батыс» автокөлік жолдарын дамыту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банк тарапынан бірлесіп қаржыландырылатын «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі құрылысының жұмысын бақылау мақсатына арнады. Осыған орай ол осында Үкіметтің жоғары лауазымды мүшелерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, сондай-ақ жобаны басқару бойынша құрылған топпен кездесулер өткізді.

Бұл іс-сапарында Оконджо-Ивеала ханымды ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев, Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров бастап алып жүрді. Басқарушы директор жол құрылысы саласында атқарылған жұмыстар, жолды басқару, қозғалыс қауіпсіздігі және жол бойындағы сервиске қатысты мәселелер, көлік секторы бойынша Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы әріптестіктің перспективалары мен реформалар бағдарламасы жайындағы талқылауларға қатысты.

— Бұл негізгі инфрақұрылымды жетілдірілу — жаңа жұмыс орындарын ашумен, тауар мен адамның аса тиімді қозғалысын қамтамасыз етумен, жол-көлік қатынасы қауіпсіздігін көтерумен бірге, аталмыш жол бойында өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және коммерциялық қызметтерді күшейту арқылы экономиканың өсуіне маңызды ынталандыру жасауға болатынының айқын айғағы болып отыр, — деді Нгози Оконджо-Ивеала ханым сапар барысында.

Жалпы, «Оңтүстік-Батыс» автокөлік жолдарын дамыту» жобасының мақсаты — Шымкент пен Ақтөбе және Қызылорда облыстары аралығындағы жол бойларындағы сауда және транспорт тиімділігін арттыра отырып, осы аймақтардағы халық тұрмысы мен қоршаған ортаға осы жобаны салу кезінде келтірілетін қиындықтарды барынша азайту болып табылады. Бұл жоба сонымен қатар қазақстандағы жол қозғалысы басқармасы қауіпсіздігінің көрсеткіштері мен жолды басқару сапасын жақсартуды мақсат етеді.

Қазақстан Үкіметі жобаны іске асыру шешімін еліміздегі басты жол дәлізінің бірін жаңарту мақсатында қабылдады. Жоба шеңберінде Қытай мемлекетін Ресеймен және Батыс Еуропамен, елдің оңтүстік және батыс бөлігі арқылы өтетін 2 800 шақырымға созылатын жол бөлігінің ахуалын жақсарту көзделуде. Дүниежүзілік банк 2,125 млрд. АҚШ доллары көлемінде қарыз беру арқылы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысатын болады. Осыған қатысты 21 келісім-шарт жасалды. Қазіргі күндері Қызылорда облысы жол бөліктерінің құрылысы жол техникасының бұрын болмаған бір мезгілдік түрімен, асфальттық араластырғыш қондырғымен, қиыршық тас және тауар вагондарын өндіруші зауыттармен қамтамасыз етіліп, жұмысты барынша пәрменді жүргізіп жатыр. Ал сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы мердігерлер жұмыстарын бастап кетті.

— Жобаны жүргізудің екінші жылы да өзінің жемісін беріп келеді, — деді Н.Оконджо Ивеала ханым. — Жобаның құрылыс индустриясын дамытуда және Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс орындарын ашу үрдісінің әсері тіпті айқын. Жоба қазірдің өзінде 30 мыңнан астам жұмыс орындарын ашты. Ол Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарына көптеген қосымша табыс көзін тауып берді. Аймақтық орталықтармен әлдеқайда жылдам байланыс орнатуда және нарыққа ең жақсы қол жеткізуде жемісті жол басқару түріндегі күтілетін нәтиже — денсаулық сақтау мен білім нысандарына, осы аймақта тұратын Қазақстан тұрғындарының 25 пайызына өмір сүру сапасы үшін пайдалы әсерін тигізуде.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы ортақ бағдарламасы ҚР Үкіметіне әртараптандырылған және орнықты экономикалық өсу мен тұрғындардың өмір сүру сапасын артыру жетістігіне жету жолына жәрдем жасауға бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанға орташа есеппен 5,5 миллардтан аса АҚШ доллары сомасындағы 37 қарыз беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар