Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Қытайдан коронавирустың шығуына байланысты төтенше жағдай жариялауға әлі ерте деп санайды. Бұл туралы ДДҰ өкілі айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

  • 24 Қаңтар 2020
  • 54
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдай жариялауға әлі ерте деп санайды (коронавирустың шығуына байланысты), — дейді ұйым қызметкері.

Өз кезегінде ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс ұйым жаңа коронавирустың қауіптілік дәрежесін бағалауды өз бақылауында ұстап отырғанын, бірақ ДДСҰ-ға осы мәселе бойынша «көбірек ақпарат» қажет екенін айтты. Желтоқсанның аяғында Қытай билігі Уханьде белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады.

Алғашқы жағдайлар теңіз өнімдеріне жақын адамдардан анықталды. Сарапшылар аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі — 2019-nCoV екенін анықтаған. ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайдыңәртүрлі провинцияларында бұл дертке шалдыққандар саны 600 адамнан асты, 18-і одан көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар