Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры ҚР СІМ-іне Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 22-мамырда өтетін отырысының күн тәртібін және өзі басқаратын ұйымның алдағы уақытқа арналған маңызды мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы қарым-қатынстардың даму қарқынын оң бағалап, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту мақсатында өзара ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігін атап көрсетті.