Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жаһандық маңызы бар шараға айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жаһандық маңызы бар шараға айналды

Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жаһандық маңызы бар шараға айналды

Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жаһандық маңызы бар шараға айналды. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында аталған форумның ашылуы барысында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді.

  • 7 Маусым 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына 6 жыл ғана болса да, ол жаһандық маңызы бар шараға айналды. Бұл өз кезегінде жаһандық экономикада Ислам әлемінің өсіп келе жатқан ықпалын көрсетіп отыр»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

К. Мәсімов қазіргі кезде жаһандану ұсынып отырған толық мүмкіндікті пайдалану керектігіне тоқтала келе, «Сондықтан ол үшін бізге жаһандану проблемалары мен қатерлеріне жалпы қадамдарды әзірлеу қажет»,-деді.

Осы орайда Үкімет басшысы бұл форумда осы мәселелер зерделеніп, тиісті шешімдер қабылдану керектігін атап өтті. «Биыл біз Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейміз. Біздің алдымызда көптеген белестерді еңсеру керек болады. Алайда, біз бүгінде қол жеткізген жетістігімізді мақтан тұтамыз»,-деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр, бүгінде әлемдік дағдарыстан кейінгі уақытта да Қазақстан экономикасы 7 пайыздық өсіммен дамып келе жатқанын ескеріп өтті. «Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін біз жартылай қысқарттық. Қазіргі кезде жұмыссыздық көрсеткіші Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ елдеріне қарағанда төмен»,-деді К. Мәсімов.

Сонымен бірге Үкімет басшысы қазіргі кезде еліміздегі бизнестің үлесі ішкі жалпы өнімнің деңгейіне айтарлықтай үлес қосып келе жатқанын, сондықтан бизнестің алдыңдағы әкімшілік кедергілер төмендетіліп, несиелік ресурстарға қолжетімділік жеңілдетілгенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар