Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,58 долларға дейін төмендеді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,03 процентке арзандап 31 доллар 85 центті құрады.