Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады

14-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 15 Шiлде 2003
  • 421
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне 28,97 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,03 процентке арзандап, 31 доллар 27 центті құрады.

Соңғы жаңалықтар