Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 30,66 долларға дейін төмендеді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,06 процентке арзандап 31 доллар 95 центті құрады.