Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,24-0,38 процентке қымбаттады
10- желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,24 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,38 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,68 долларға дейін көтерілді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының 2004-жылғы қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,38 процентке қымбаттап 31 доллар 88 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін