Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30-0,35 процентке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30-0,35 процентке қымбаттады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30-0,35 процентке қымбаттады

26-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,35 процентке қымбаттады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 27 Тамыз 2003
  • 450
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,78 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,35 проценке қымбаттап 31 доллар 95 центке жетті.