Жарияланды: 470

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,31-0,51 процентке қымбаттады

4- желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,31 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,51 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,20 долларға дейін көтерілді. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының 2004-жылғы қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,51 процентке қымбаттап 31 доллар 26 центті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін