Caravan Logo

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,52-0,69 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,52-0,69 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,18 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,52 процентке арзандап 28 доллар 75 центті құрады.