Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,75-0,85 процентке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,75-0,85 процентке қымбаттады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,75-0,85 процентке қымбаттады

29-қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,75 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,85 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 365
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қараша айындағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 26,84 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қараша айындағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,85 процентке қымбаттап 28 доллар 40 центті құрады.