Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,62-1,73 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.37
  • 583.73
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,62-1,73 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,62-1,73 процентке арзандады

4-қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,62 процентке , NYMEX шикізат биржасында 1,73 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 358
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,27 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,73 процентке арзандап 28 доллар 98 центті құрады.