Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,97-2,15 процентке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,97-2,15 процентке қымбаттады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,97-2,15 процентке қымбаттады

26-қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,97 процентке , NYMEX шикізат биржасында 2,15 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 27 Қараша 2003
  • 347
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,48 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,15 процентке қымбаттап 30 доллар 41 центті құрады.