Жарияланды: 360

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,52-2,77 процентке қымбаттады

2- желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,52 процентке , NYMEX шикізат биржасында 2,77 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,94 долларға дейін көтерілді. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының 2004-жылғы қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,77 процентке қымбаттап 30 доллар 78 центті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін