Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 3,48-3,59 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 3,48-3,59 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 3,48-3,59 процентке арзандады

22- желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 3,59 процентке , NYMEX шикізат биржасында 3,48 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 304
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының ақпандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,00 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының ақпандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,48 процентке арзандап 31 доллар 87 центті құрады.

Соңғы жаңалықтар