Жарияланды: 360

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 4,38-4,46 процентке қымбаттады

8- желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 4,38 процентке , NYMEX шикізат биржасында 4,46 процентке қымбаттады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 30,00 долларға дейін көтерілді. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының 2004-жылғы қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 4,46 процентке қымбаттап 32 доллар 10 центті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін