Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізілмек
![]() |
Орталық Азия өңірінде алғаш рет 2011 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым күндері ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізіледі, |
деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Конференция жұмысына Ресей, АҚШ, Жапония, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Швеция, Швейцария, Үндістан елдерінің жетекші нейрохирургтары қатысады.
Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы - қазақстандық нейрохирургтар үшін аса маңызды оқиға. Бұл форум шетелдік және отандық нейрохирургтар үшін пікірталас алаңы болып, дүниежүзіндегі нейрохирургтардың өзара қарым-қатынасы шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жасалып жатқан бұл шара Қазақстандағы және барлық Орталық Азия өңіріндегі нейрохирургияны дамытуға жаңа серпін беруі тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін