Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізілмек

Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізілмек

Орталық Азия өңірінде алғаш рет 2011 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым күндері ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізіледі,

  • 27 Мамыр 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz



деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Конференция жұмысына Ресей, АҚШ, Жапония, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Швеция, Швейцария, Үндістан елдерінің жетекші нейрохирургтары қатысады.

Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы — қазақстандық нейрохирургтар үшін аса маңызды оқиға. Бұл форум шетелдік және отандық нейрохирургтар үшін пікірталас алаңы болып, дүниежүзіндегі нейрохирургтардың өзара қарым-қатынасы шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жасалып жатқан бұл шара Қазақстандағы және барлық Орталық Азия өңіріндегі нейрохирургияны дамытуға жаңа серпін беруі тиіс.

Перейти к новостям спорта