Бүгін Астанада республика үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездесуде А.Хара осындай сенім білдірді. Ол үкімет басшысына Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарын таныстырды.
Премьер-министр өз тарапынан Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілдерін ел экономикасының даму барысымен таныстырып, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша ұстанымдарын ортаға салды. Ұйым өкілдерінің елімізге келуі оң фактор, деді Д.Ахметов.
«Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту тек халықаралық тауар және қызмет нарығына шығуды білдірмейді. Біз үшін бұл еліміздің бәсекелестік қабілетін көтеруге септігін тигізетін қосымша себеп»,- деді Д.Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті