Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда Қазақстан ұйым талаптарын жеңілдететін хаттамалардың әсеріне ілігуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда Қазақстан ұйым талаптарын жеңілдететін хаттамалардың әсеріне ілігуі мүмкін

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда Қазақстан ұйым талаптарын жеңілдететін хаттамалардың әсеріне ілігуі мүмкін

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда Қазақстан ұйымның қатаң талаптарын жеңілдететін хаттамалардың әсеріне ілігуі мүмкін. Бүгін, 26-тамызда Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Дүниежүзілік сауда ұйымының бас хатшысы Супачай Паничпакди журналистерге осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2004
  • 521
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, аталмыш хаттамалар әсеріне Қазақстанның ауылшаруашылығы ілігуі ықтимал. Өйткені бұл сала шетелдік азық-түлік өнімін өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелестікке дайын емес. Ал республиканың басқа кәсіпорын салаларына шетелдіктермен бірдей талап қойылатын болады.

Мәселен, С.Паничпакдидің айтуынша, Қазақстан елдің ішкі рыногында жанар-жағармай бағасын әлемдік деңгейге дейін көтеруі тиіс.
Дүниежүзілік сауда ұйымының бас хатшысы сондай-ақ, 2004-жылдың қыркүйек айында Қазақстанды ұйымға мүшелікке қабылдау жөніндегі жұмыс тобы іске кірісетінін хабарлады. Бұл кездесу Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше басқа елдермен екі жақты кездесулер өткізуге негіз болуы тиіс. Бұл кездесу республиканың ұйымға мүшелікке өтетін мерзімін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Қазір Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс тобы Қазақстанның экономикалық дамуы туралы деректі баяндаманы зерттеп жатыр. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне арқау болуы тиіс, деді С.Паничпакди.
Оның айтуынша, ҚР үкіметі ел заңдарын ұйым талаптарына жақындату мақсатында ауқымды істер тындырды. Алайда, алдағы келіссөздер Қазақстанның ішкі рыногына енуге және «салық салуға қатысты кейбір мәселелерге» байланысты проблемаларды шешуі тиіс.

Перейти к новостям спорта