Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан өкілі міндетін Мұхтар Байболов атқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан өкілі міндетін Мұхтар Байболов атқаратын болды

Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан өкілі міндетін Мұхтар Байболов атқаратын болды

Бұған дейін "Астана - жаңа қала" кеденін басқарған Мұхтар Байболов бас пәтері Брюссельде орналасқан Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшісінің кеден мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Астана — жаңа қала» кеденінің басшылығына бұған дейін «Астана» кедені төрағасының орынбасары болған Жасұлан Ахметов бекітілді.

Мамандардың пікірінше, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан өкілін тағайындау елімізге кеден ісі саласындағы әлемдік тәжірибемен танысуға және Брюссельде орналасқан халықаралық институттармен ынтымақтастықты жолға қоюға, екі жақты негізде ақпараттар алмасуға мүмкіндік береді.